«Jusan Invest» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жиынында 11.04.2022 жылдың № 11/04/22-01 шешіміне сәйкес:
«Jusan Invest» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып Нұрдәулет Ғалымұлы Айдосов сайланды. Осылайша, 2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қоғамның Директорлар кеңесі құрамы келесідей болады:
Бұған дейін Нұрдәулет Ғалымұлы Айдосов «Jusan Invest» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. 2022 жылдың 15 наурызында «First Heartland Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы қызметіне ауысты.
Нұрдәулет Ғалымұлы төрағалығымен Jusan Invest қысқа мерзімде жоғары нәтижелерге қол жеткізді, соның ішінде:
Анықтама:
Айдосов Нұрдәулет Ғалымұлы – «First Heartland Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы, халықаралық және жергілікті инвестициялық компанияларда бағалы қағаздар нарығында 14 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Еңбек сіңірген қаржыгер» Қоғамдық орденімен марапатталған.
Кабанов Максим Владимирович – «Jusan Invest» АҚ Басқарма Төрағасы, Қазақстан мен Ресейдің капитал нарықтарында, инвестициялық және қаржы секторларында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
Жамалов Санжар Еркебайұлы, CFA – Директорлар кеңесінің мүшесі, 2022 жылдың ақпанынан бастап «Отбасы Банк» АҚ-тің тәуелсіз директоры. Банктің Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы, Банктің Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау және корпоративдаму комитетінің төрағасы, Тәуекелдерді басқару комитетінің мүшесі.