IPO процесін мемлекет, ҚР Ұлттық Банкі, реттеуші және қор биржасы мұқият бақылайды
IPO төмен бағада инвестиция жасап, дивидендтер алуға мүмкіндік береді
Қазақстандық табысты компаниялардың инвесторы және иелес басшысына айналасыз
Өзінің құндылығын дәлелдеген өсу әлеуеті жоғары компаниялар
Біз IPO-ға қатысу процесін барынша оңай әрі түсінікті етіп жасадық
Компанияның пайдасын бөлу арқылы табыс табу мүмкіндігі бар
Jusan қосымшасы арқылы кез келген уақытта акция сатуға немесе сатып алуға болады
Мемлекетпен бірге халықтық компаниялардың дамуына атсалысыңыз
Мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының ірі мұнай өндіруші компаниясы
Электр желілерін басқару бойынша Қазақстандағы ең ірі компания
Табиғи газ өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компания
1.03.2022 жаңартылған
IPO-ға қатысу үшін сізде Jusan Invest-тегі брокерлік шот және Jusan қолданбасы болуы тиіс
Әрі қарай акцияларды сатып алу процесі өте қарапайым жүзеге асады: сіз брокерлік шотыңызды толтырасыз, содан кейін Jusan қолданбасындағы «Инвестициялар» бөліміне өтесіз; қажетті компанияны таңдап, акциялардың санын көрсету керек. Одан кейін «Сатып алу» түймесін басыңыз. Осылардың бәрін орындаған сңо ақша сіздің шотыңыздан есептен шығарылады және оған бағалы қағаздардың көрсетілген сомасы есепке алынады. Дәл осы сәтте сіз өзіңіз таңдаған компанияның инвесторы және акциялар иесі боласыз.
Одан бөлек, брокерлік шотты Jusan Invest және Jusan Bank-тің өзіңізге ең жақын бөлімшелерінде ашуға болады. Біздің қызметкерлер сол жерде сізге қуана-қуана көмектесіп, инвестиция жасауға атсалысады.
1.03.2022 жаңартылған
Қор биржасы – бұл кез келген бағалы қағазды (мысалы: акциялар, облигациялар, акциялар және басқа да қаржы құралдарын) сатып алу және сатуға болатын арнайы ұйымдастырылған алаңша. Сондай-ақ, ол барлық қатысушылар жұмысын қадағалып, бәрі заң аясында жүруін қамтамасыз етеді. Одан бөлек, сатып алу-сату операцияларының әділдігі мен жылдамдығына кепілдік береді. Қор биржасы бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастыра отырып, қор нарығы қатысушылары өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Ең алғашқы биржалар Еуропада 15 ғасырда пайда болды, онда олар негізінен вексельдер мен тауарларды саудалайтын еді. Тек бағалы қағаздармен сауда жасайтын биржалар әлдеқайда кейін пайда болды. Инвесторларды өз жұмысын дұрыс атқармайтын компаниялардан қорғау үшін биржалар барлық биржалық операцияларға тікелей қатысатын кәсіби қатысушыларға (брокерлік компанияларға) операциялық лицензиялар беретін болды. Биржаның өзін де арнайы қаржы ұйымдары реттейді.
1.03.2022 жаңартылған
Акция - компания бизнесінен үлес алу құқығын беретін бағалы қағаз. Қор биржасында инвестор акция сатып алған соң компанияның басшыларының біріне айналады және оның табысын бөліп алуға қатысу құқығына ие болады. Табысты дивиденд түрінде немесе арзан бағамен сатып алып, қымбаттағанда сату арқылы да алу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, табыс алудың бір жолы екіншісін жоққа шығармайды. Яғни, дивиденд алып, сосын акциялар өскенде тиімді бағамен сатып жіберуге болады.
1.03.2022 жаңартылған
Дивиденд - компания өз табысынан акционерлерге төлейтін пайданың үлесі. Дивиденд көлемін жалпы акционерлер жиыны бекітіп, оны дивидендтік саясатқа жазып қояды. Дивидендтер жылына бір рет, әр жарты жыл сайын немесе тоқсан сайын төленуі мүмкін. Бұл компанияның дивиденд саясатына байланысты. Мысалы, ҚазАтомӨнеркәсіп АҚ жылына бір рет бір акциясы үшін 1 269 теңгеден төлейді.
1.03.2022 жаңартылған
IPO (Initial Public Offering) – компанияның акцияларын қор биржасында бастапқы орналастыру процесі. Компания өз акцияларын инвесторларға белгілі бір баға және белгілі бір диапозонда ұсынады. Әрі қарай нарық қатысушылары қор нарығында өзара акцияларды саудалайды және баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады. IPO компания мен инвесторлар үшін де тиімді. Өйткені, IPO арқылы бизнесті дамытуға қосымша ақша тартуға болады. Ал IPO инвесторларға алғашқылардан бірі болып жария компания акционері болу және арзан бағамен сатып алу мүмкіндігін сыйлайды.
Мысалы, 1992 жылы 26 маусымда Starbucks акциялары алғаш рет қор биржасында акцияларын сата бастады. Бастапқы орналастыру нәтижесінде Starbucks компанияны дамыту үшін қосымша капитал тарта алды. Ал инвесторлар дивидендтер және акциял бағасының өсуінен табыс алды. (15.02.2022 жағдай бойынша Starbucks бір акциясының құны 94,51 АҚШ долларын құрайды)
1.03.2022 жаңартылған
IPO компаниялар үшін тиімді процедура. Себебі бұл компанияның несиелік жүктемесін көбейтпей, инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жария жұмыс істей бастағаннан кейін компания көпшілік үшін ашық бола бастайды. Бұл оның операциялық көрсеткіштеріне оң әсер етеді. IPO-дан кейін компания қаржы және операциялық нәтижелерін өз есептерін уақытында жариялауы керек. Өз кезегінде бұл компанияға деген сенімді арттырады.
Мысалы, 2012 жылдың 18 мамырында Facebook акциялары NASDAQ биржасында сатыла бастады. Бастапқы орналастыру нәтижесінде Facebook 16 миллиард доллар қосымша капитал жинай алды, ал бүкіл компания рекордтық 104 миллиард АҚШ долларына бағаланды.
1.03.2022 жаңартылған
IPO шығу үшін қаржылық ресурстар қажет. Яғни, андеррайтерге төленетін қаражат та бар. Сондықтан IPO өткізуді жоспарлаған компанияның жоғары капитализациясы мен тұрақты кірісі болуы шарт. Одан бөлек, болашақ ықимтал инвесторлар үшін түсінікті ұзақ мерзімді стратегия болуы керек. Сол себепті барлық компанияларда IPO-ға шығу мүмкіндігі жоқ.
1.03.2022 жаңартылған
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығы коммерциялық емес ұйымына ресми жауабына сәйкес, 2022 жылы «Эйр Астана» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларының IPO, 2023 жылы Н.К. үшін IPO өткізу жоспарлануда. «QazaqGaz» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
1.03.2022 жаңартылған
IPO-ға брокерлік шоты бар кез келген адам қатыса алады. Jusan Invest-те жасы 18-ге толған Қазақстан азаматы немесе Қазақстан салық резиденті брокерлік шот аша алады.
1.03.2022 жаңартылған
Өз акцияларын биржаға шығарған компания қызметкері болсаңыз, сіз компания IPO-на қатыса аласыз.
1.03.2022 жаңартылған
Сіз IPO-ға қашықтан қатыса аласыз, IPO-ға қатысу үшін сізде Jusan Invest брокерлік шоты және Jusan мобильді қосымшасы болуы қажет.
Әрі қарай, акцияларды сатып алу процесі өте оңай: сіз брокерлік шотыңызды толтырып, содан кейін Jusan қосымшасында, Инвестициялар бөлімін ашасыз. Қажетті компанияны таңдап, акциялардың санын көрсетсіз де «Сатып алу» түймесін басасыз. Осыдан кейін ақша сіздің шотыңыздан есептен шығарылып, сол ақша орнына акциялар портфеліңізде пайда болады. Дәл сол сәттен бастап сіз таңдаған компанияның инвесторы және акционері боласыз.
1.03.2022 жаңартылған
Ең төменгі сома бір акция бағасын тең. Ал ең максималды сома тек сатып алуға болатын акция көлемімен шектеледі. Яғни баға диапазонның төменгі шегінде жүзеге асырылды.
Акция бағасы IPO басталғанға дейін бекітілуі мүмкін немесе белгілі бір баға диапазоны болуы мүмкін. Көп жағдайда белгілі бір диапазон ұсынылынып, нақты бағасы IPO қорытындысы кезінде шығуы мүмкін.
Мысалы, «KEGOC» АҚ IPO өткізу кезінде бір акцияның бағасы 505 теңгеге бекітілді. Осылайша, бір акцияны 505 теңгеге, 2 акцияны 1010 теңгеден сатып алды. «
Қазатомөнеркәсіп» IPO-да инвесторларға 1 GDR (Жаһандық депозитарлық қолхат) немесе 1 акцияға 11,6-дан 15,4 АҚШ долларына дейінгі баға диапазоны ұсынды. IPO нәтижесінде нақты баға 1 ЖДҚ үшін 11,6 АҚШ доллары және 1 жай акцияға 4 322,74 теңге деңгейінде сатылды.
Тағы бір мысал ретінде Kaspi IPO-ны алайық. 1 GDR/акцияға баға диапазоны 28,5-тен 33,75 АҚШ долларына дейін белгіленді. Орналастыру бағасы 1 GDR/акция үшін 33,75 АҚШ долларын құрады.
Акцияларды 33,75 доллардан төмен бағамен сатып алғысы келген инвесторларға акция бұйырмады. Jusan Invest IPO кезінде акцияларды сатып алу үшін оңтайлы тапсырыс жасауға көмектеседі.
1.03.2022 жаңартылған
Компания акциясы тиімділігін анықтау үшін оның қаржылай көрсеткіштерін зерттеу керек. Нарықтағы қызметі мен болашақтағы перспективасына назар аударыңыз. Сондай-ақ, Jusan Invest-тің тәжірибелі әрі білікті аналитиктерінің кеңесіне құлақ асуға болады.
1.03.2022 жаңартылған
IPO-ға қатысу алдында компания туралы барша ақпаратты оның ресми сайтынан оқи аласыз. Әдетте IPO-ға қатысты бөлім Акионерлер әлде IR (Investor Relations) деп аталады. Сонымен қатар, Jusan Invest аналитиктері IPO-ға шығуды жоспарлаған әрбір компания үшін жеке шолулар дайындайды. Сондай-ақ, Jusan Invest аналитикасын Jusan қолданбасындағы Инвестициялар бөлімінде көруге болады.
1.03.2022 жаңартылған
Шетел валютасында инвестициялау жайлы туралы ақпарат кейінірек анықталатын болады.
1.03.2022 жаңартылған
Акционерлер үшін кірістің бір түрі - дивидендтер. Әр акцияға дивиденд төлеу мөлшері және төлем жиілігі дивидендтік саясатта анықталады және ол акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі. Алайда, дивидендтер міндетті түрде төленуі тиіс деген сөз емес. Компания акционерлері ақшалай қаражат компанияны одан әрі дамыту үшін қажет деп шешуі мүмкін. Егер мұндай ұстанымды Директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысы қолдаса, онда кезекті дивидендтерді жою туралы шешім заңды болады.
1.03.2022 жаңартылған
Егер акционерлердің жалпы жиынында компания дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданса, акциялардан дивиденд түрінде табыс алуға болады. Сонда сіз әр акцияңыз үшін дивиден алып отырасыз. Ол ақша сіздің брокерлік шотыңызға келіп түседі. Әрі ұарай сіз бұл ақшаға қайта инвестиция жасасаңыз әлде өзіңіздің банк картаңызға аудара аласыз." "
1.03.2022 жаңартылған
IPO-ға шығатын акциялар жай дауыс беретін акциялар болып саналады. Бұл дегеніміз - cіз акция сатып ала отырып, жалпы жиынды шешім қабылдауға қатыса аласыз. Егер сіздегі дауыс беру акциясының саны 10% аз болса, сіз миноритарлы акционер атанасыз.
1.03.2022 жаңартылған
IPO басталған сәттен компания жария ұйымға айналады және күнделікті түрде оның акциялар құнын бақылап отыруға болады. Jusan қосымшасында акцияларды барынша ыңғайлы түрде бақылау мүмкіндігі бар. Jusan мобильді қосымшасында Инвестициялар бөліміне өтіп, барлық акциялар тізімін қарауға болады. Таңдаулылар бөліміне акцияңызды қоссаңыз, бірден таба аласыз.
1.03.2022 жаңартылған
Өкінішке қарай, егер сіз шығынға батқан компанияға ақша салсаңыз, қаражатыңыз құнсыздану қауіпі бар. Сіз сатып алған акция уақыт өте келе арзандап кетуі мүмкін. Әдетт мұндай жағдай енді дамудың алғашқы сатысындағы компаниялар акциясымен жүзеге асуы мүмкін. Біз 2022-2025 жылдары IPO-ға шығады деп күтетін компаниялардың барлығын активтері бар квазимемлекеттік ұйымдар деп атауға болады. Мұндай компаниялардың акцияларының құнының төмендеу қаупі төмен. Мысалы, 2022 жылдың ақпанында Украинадағы әскери операцияның басталуы аясында барлық ресейлік компаниялардың акцияларының бағасы саяси және форс-мажорлық жағдайға байланысты төмендеді.
1.03.2022 жаңартылған
Сіз сатып алатын акциялардың құны компанияның операциялық қызметі, нарық жағдайы, оның өнімдеріне қатысты сұраныс пен компанияның қаржылық жағдайына тікелей әсер ететін басқа да көптеген факторларға байланысты болады. Компанияның пайдасы өскен сайын, акциялар бағасы да жоғарылайды.
1.03.2022 жаңартылған
Иә, сіз акцияларды сатып алған соң, нарық бағасына сәйкес сата аласыз. Jusan Invest-тегі өз менеджеріңізге клиенттік тапсырыс беру арқылы немесе Jusan қосымшасындағы Инвестициялар бөлімінде мұны жүзеге асыруға болады.
1.03.2022 жаңартылған
Акцияларды минималды ұстау деген талап жоқ. Сіз сатып алған соң, бірден сата аласыз. Акцияларды сату мерзіміне нарықтағы сұраныс пен ұсыныс деңгейі әсер етуі мүмкін. Бұл компанияның өтімділігін көрсетеді. мысалы, Google, Microsoft, Amazon секілді компания акциялары өте өтімді.
1.03.2022 жаңартылған
Сіз акцияларыңызды Jusan Invest-тегі өз менеджеріңізге клиенттік тапсырыс беру арқылы немесе Jusan қосымшасында сата аласыз. Ол үшін Jusan қосымшасындағы Инвестициялар бөліміне өтіңіз.
1.03.2022 жаңартылған
KASE және AIX секілді жергілікті биржаларда акция бағамының өсуі әлде дивидендтік төлемнен алған табыстарға салық төлемейсіз. Мысалы, сіз 2018 жылы Қазатомөнеркәсіп IPO-сы кезінде 4 322,74 теңгеге акция сатып алдыңыз делік, ал 2022 жылы оны 14 570 теңгеге сатып жібердіңіз. Сіздің табысыңыз 237% болса да, сіз бұл табыстан салық төлемейсіз. Одан бөлек, Қазатомөнеркәсіп 2019 және 2023 жылдары сізге әр акция үшін 906,39 теңгеден дивиденд төледі. Бұл табыс түрі үшін де салық төлемейсіз.