ESG Jusan Invest
ESG Jusan Invest
ESG – бұл келесі принциптерден тұратын коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы
Enviroment
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, ресурстарды жауапкершілікпен тұтыну
Social
Жоғары әлеуметтік жауапкершілік
Governance
Жоғары сападағы корпоративті басқару үлгісі
ESG дамытудағы біздің басымдық беретін бағыттар:
Қоршаған ортаға қамқорлық таныту
Қоршаған ортаға қамқорлық таныту
Қауіпсіз инвестиция
Қауіпсіз инвестиция
Ценности наших клиентов
Клиенттеріміздің құндылықтары
Қоғамдық бастамалар
Қоғамдық бастамалар
Салауатты жұмыс ортасы
Салауатты жұмыс ортасы
Забота об окружающей среде
Қоршаған ортаға қамқорлық таныту
Кез келген ірі ұйым белгілі бір деңгейде қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Біз компаниямызда экологиялық жауапкершілігімізді толық түсінеміз және қоршаған ортаға тигізетін әсерімізді барынша азайтуға тырысамыз.
Кеңселерімізде тұтынатын ресурстарды үнемдейміз, тұрмыстық қалдықтарды бөлеміз және экологиялық таза технологияларды қолданамыз.
Қалдықтарды қысқарту, сұрыптау және қалдықтарды қайта өңдеу
Кеңселерімізде 2021 жылы 5,5 кг батареялар жиналып, қайта өңдеуге жіберілді.
Кеңседегі бір реттік ыдыстарды қолдану көлемі 5 есеге қысқартылды.
Күн жылыған кезде Jusan Invest қызметкерлерімен бірге қаланы көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.
Цифрландыру және электронды құжат айналымына көшу
2021 жылы тұрақты даму жолындағы басты қадамдардың бірі – компания ішіндегі барлық процестер мен клиенттерге арналған қызметтердің барлығы электронды құжат айналымына көшу болды. Ресурстарды тиімді тұтынудың арқасында және электронды құжат айналымына өту арқылы, қағаз құжаттарды қолданудан бас тартудың арқасында біз жылына кемінде 115 ағашты сақтап қаламыз.
Электронды құжат айналымына көшкелі бері ешқандай картридж сатып алынбады.
Сондай-ақ, құжаттарды тасымалдау үшін логистикаға бір теңге де жұмсалмады. Демек, атмосфераға бөлінетін CO2 да азайды.
Біз барлық клиенттеріміз бен серіктестерімізді электронды құжат айналымына өтуге үгіттейміз. Осы уақытқа дейін бізбен жұмыс істесіп келе жатқан 11 мердігер компания электронды құжат айналымына ауысты.
Қоршаған ортаға қамқорлық таныту
Этикалық инвестиция
Инвестицияларды сараптаулар барысында ESG принциптерін ұстану сізге неғұрлым негізделген инвестициялық шешім қабылдауға және ұзақ мерзімді перспективада жоғары табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. ESG тәуекелдерін инвестициялық үдеріске біріктіру кезінде біз құрылымдық тәсілді ұстанамыз. Осылайша, Jusan Invest инвестициялық қызметінде үш негізгі аспектіге назар аударады.
Инвестицияның минималды шарттарын анықтау және сақтау
Негізгі шарттар келесі инвестициялық объектілерді жоққа шығарады (бірақ тек олармен ғана шектеледі деген сөз емес): қару-жарақ саудасымен айналысатын объектілер немесе электр энергиясын өндіру кезінде жылу көмірін пайдалану.
Скрининг процесін және қауіпсіз инвестицияларды бағалау жүйесін орнату
ESG тәуекелдерін мониторинг жасау жүйесін пайдалана отырып, инвестиция нысанына ESG тәуекел профилін беру үшін ESG сандық маңызды тәуекелдері анықталады. Сандық критерийлерден бөлек, ESG тәуекелдерін бағалаудың сапалық критерийлері ескеріледі. Критерийлер көміртегі ізі, қызметкерлердің денсаулығы және адам құқықтары туралы деректерді қамтиды. Талдау нәтижелері бойынша ESG ұсынымы қалыптасады, ол бес балдық шкала бойынша бағалау түрінде жіберіледі, мұнда 1 - маңызды емес және 5 маңызды деген бағаға сәйкестендірілген. ESG тәуекел профилі және ESG ұсынысы инвестициялық шешім қабылдау үшін пайдаланылады. Егер ESG тәуекелдері табыс көлемімен барабар келсе, менеджер эмитенттің бағалы қағаздарына инвестициялау туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Инвестициялау объекті қызметінің ESG мониторингі
Біз эмитенттің бағалы қағаздарының иесі ретінде дауыс беру құқығы экономикалық құндылыққа ие және оны клиенттердің мүддесі үшін пайдалану керек деп есептейміз. Біз тек дауыс беру процесіне қатысты логистика секілді клиентке айтарлықтай пайда әкелмеуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, барлық нарықта дауыс беру құқығын қолдануға тырысамыз.
Клиенттерге қамқорлық
Клиенттерге қамқорлық
Клиенттің мүдделері мен қауіпсіздігі біз үшін бәрінен маңызды
Қызметтердің ашықтығы мен сенімділігі
Біздің жұмысымыз - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің, KPMG аудитін тұрақты түрде өткізумен, сонымен қатар, біздің ресми сайттарымызда және басқа да ашық көздерде баяндамалар жариялауымен расталады.
Jusan Invest компаниясы активі 32,8 триллион еуро көлемінде бағаланатын Euroclear халықаралық депозитарийінде тікелей шотты ашқан алғашқы қазақстандық сауда брокері атанды. Бұл Jusan Invest-ке активтерді сақтау сенімділігін барынша арттыруға және халықаралық нарықтардағы транзакциялар үшін кастодион түріндегі делдалдарды алып астау арқылы комиссияларды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
KPMG & Euroclear
Қызметтердің қолжетімділігі
Біздің қызметтер инклюзивті және қолжетімді – брокерлік шотты ашу, инвестициялауды үйрету, портфельді басқару, құнды қағаздарды сату/сатып алу, инвестициялық идеялар, күнделікті талдау және басқа көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ, ыңғайлы интерфейсті мобильді қосымша арқылы жасауға болады.
Инвестициялауды қолжетімді етуді арттыру аясында ҚР барлық азаматтарына арналған сапалы инвестициялық өнімдерді іске қостық. Біздің қосымшада 100 теңгеден бастап, ешқандай комиссиясыз инвестициялауды бастауға болады.
Клиенттеріміздің сенімінің арқасында біз бизнесіміздің даму жолын және маңызды стратегиялық шешімдер қабылдаймыз. Оған тағы бір дәлел ретінде Cbonds Awards CIS бойынша «2021 жылдың үздік онлайн-брокері» және Global Banking & Finance Review бойынша «Asset Management Company of the Year» атануымызды келтіруге болады.
Лучший онлайн-брокер Казахстана 2021
Jusan Invest Cbonds Awards CIS-тің «2021 жылдың Қазақстандағы үздік онлайн-брокері» жүлдесіне ие болды
Лучшая компания по управлению активами 2021
Banking & Finance Review-дің «Активтерді басқару бойынша үздік компания 2021» жүлдесіне ие болды
Лучшая компания по управлению активами 2022
«Активтерді басқару бойынша үздік компания 2022»
«Best Mobile Trading Platform Kazakhstan 2022»
«Most Innovative Online Broker Kazakhstan 2022»
Общественные инициативы
Қоғамдық бастамалар
Біз Қазақстан тұрғындарына көмектесетін әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын белсенді қолдаймыз.
Әлеуметтік маңызды қайырымдылық жобаларға қатысу
Нұр-Cұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы жанындағы «Центр Сердца» Қорының «Дар» атты жүрек донорларына деген шексіз алғыс саналатын қайырымдылық жобасына қатысамыз.
Табысы мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесу
Қайырымдылық ұйымдарымен қарым-қатынастамыз және аз қамтылған отбасыларға тұрақты түрде көмек қолын созамыз.
Компания қызметкерлерінің бастамасымен Жаңа-жылды тойлаудан бас тартып, оның орнына жиналған қаражатты аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектесуге жолдау туралы шешім қабылданды.
Қаржылай сауаттылықты дамыту
ESG саясаты аясында Jusan Invest қаржылай сауаттылық саласында бастама көтеріп, Jusan Academy для населения Казахстана. деп аталатын Қазақстан халқына тегін қаржылай сауаттылықты үйретуге бағытталған жобаны іске қосты. Бүгінгі күнде жоба республика бойынша 21 мектепте жұмыс істеп тұр.
Қазақстанның 11 аймағында 21 мектепте 15000-нан астам мектеп оқушысының қаржылай сауаттылықты арттыруға арналған курстардан тегін өтуге жағдай жасалған.
Күн сайын Jusan Invest-тің 1000-нан астам клиенті Jusan Academy-де білім алып жатыр.
Тәулік бойы қол жетімді курстар, тиімді онлайн формат, семинар мен вебинарлар, сондай-ақ, пайдалы сайттар мен әдебиеттер жинағы барынша білім алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда инвестициялау тиімді табыс көзі екені ешкімге сыр емес. Бірақ, Қазақстанда бұл сала әлі лайықты бағасын алып үлгермеді. Өйткені, ҚР экономикалық белсенді халқының бар-жоғы 2% ғана құнды қағаздарға ақша салады. Басқа елдермен салыстырып қарайтын болсақ, мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіш 55% құрайды, Ұлыбритания мен Жапонияда халықтың 32% инвестиция жасаумен айналысады, ал Ресейде 10%-дан асты. Сәйкесінше, біз инвестиция жасағысы келетіндер негізінде көп екенін түсінеміз және де оларды тегін үйретіп, инвестиция жасау әркімнің қолынан келетін іс екенін көрсеткіміз келеді.
Здоровая рабочая атмосфера
Салауатты жұмыс ортасы
Компаниямыз көп ұлтты және гендерлк теңдік ережелерін сақтайды.
Бізде жұмыс істейтіндердің 51% әйелдер, 49% ер кісілер.
Жастарды қолдау. Жас кәсіби мамандар толқынын тәрбиелеп жатырмыз.
Jusan Invest қызметкерлерінің 25% әлі жасы 25-ке толмаған жастарды құрайды.
Қызметкерлерді оқыту және дамыту
Қызметкерлерімізді тұрақты түрде жеке және кәсіби түрде дамуына қолдау көрсетеміз.
Қиын жағдайға түскен қызметкерлерге қолдау көрсетіп, көмек қолын созамыз.
Қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау
Компанияның барлық қызметкеріне міндетті медициналық сақтандыру қарастырылған
Меритократия принциптері
Компанияда қызметкерлердің еңбегін ашық әрі әділ түрде бағалау жүргізіледі. Компания өз кәсіби мамандарын дайындауды көздейді. 2020-2021 жылдары бөлім басшыларының 62,5% компания қызметкерлері қатарынан тағайындалды.
2021 жылы компанияның әр сегізінші өкілі қызметінде жоғары лауазымға өсті.
Таза ауада іс-шараларды ұйымдастыру, тимбилдинг және физикалық белсенділік.
Team