"Jusan Invest" АҚ-заманауи онлайн-брокер және клиенттердің қаражатын басқаратын компания.
Компания 2004 жылдан бері жұмыс істейді және классикалық қызметтер жиынтығынан құралған дәстүрлі брокерден ең кең өнімдер желісн ұсынатын толыққанды онлайн брокерге дейін трансформация жолынан өтті.
Енді "Jusan Invest" АҚ әр клиенті АҚШ пен Еуропаның озық қаржы компаниялар қызметінен кем түспейтін бірінші дәрежелі сервисті сезіне алады. Сіз тура сондай қызметтер кешенін жедел, сапалы және ыңғайлы түрде аласыз
"Jusan Invest" АҚ-тіркелген ең төменгі брокерлік комиссиялардан бас тартқан Қазақстандағы жалғыз брокер! Бұл кез-келген инвесторға қор нарығында өз қалаған сомамен алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді
Компания нарықтағы ең тиімді тарифтерді ұсынады. Ол туралы толығырақ мына сілтемеден біле аласыз:
Басқа елдерден бір айырмашылығы, Қазақстан Республикасында брокер клиенттердің активтерін пайдалана алмайтын бірегей модель құрылған. Тіпті брокерлік компания банкрот болған жағдайда да клиенттің қаражаты қорғалған. Мысалы, АҚШ, Еуропа, Ресей Федерациясы елдерінде брокерлік компаниялар клиенттердің қаражатын пайдалану құқығына ие.
Осылайша, клиент Қазақстанның құқықтық саласында қазақстандық брокермен жұмыс істей отырып, анағұрлым қорғалған. Клиенттердің барлық активтері реттеуші – уәкілетті орган Қазақстан Ұлттық Банкі акционері болып табылатын кастодиандардың үлестес емес банктерінде және "бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-да брокердің активтерінен бөлек сенімді сақталады.