Құрметті “Jusan Invest” АҚ клиенттері мен серіктестері!

“Jusan Invest” АҚ Басты комплаенс-бақылау ресми парақшасына қош келдіңіз! Компания жұмысын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігі реттейді. Сонымен бірге, Компания қаржы мониторингісінің субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі Агенттігімен өзара әрекеттеседі.

Компанияда ішкі мониторинг, ҚР заңдарын сақтау және орындау, координациялау, жұмыстарын қамтитын ұйымдық іс-шаралар жиынтығы ретінде комплаенс-бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ, заң бұзушылық, олардың салдарын жою және себебін анықтау бойынша да ішкі құжаттар жүргізіледі.

Егер қандай да бір заң бұзушылық куәгері (мысалы төменде келтірілген) болсаңыз Компанияның Бас комплаенс-бақылаушысына compliance@jusaninvest.kz электронды поштасымен хат жолдау арқылы тікелей хабарласа аласыз.

  • Корпоративтік басқару Кодексін және Компанияның басқа да ережелерін, Компания қызметкерлерінің этикаға сай емес және басқа да әрекеттерінің нәтижесін Компания абыройына нұқсан келуі
  • Сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, парақорлық, ақшаны жылыстату емесе қаржылық сипаттағы өзге де қылмыстар
  • Мүдделер қақтығысы, қызметін теріс пиғылда пайдалану.
  • Адам құқықтарына нұқсан келтіру, кемсітушіліктің кез келген түрі немесе қудалау.
  • Адам қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіру
  • Қоршаған ортаға зиян келтіру.
  • Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты тәуекелдер.
  • Келісімшарт және құқықтық міндеттемелерді орындамау.
  • Бухгалтерлік есеп пен аудитте бейэтикалық әрекеттер және қаржылай және қаржылай емес жалған есептер дайындау
  • Құпия ақпаратты рұқсатсыз ашу
  • Қолданыстағы заңнама мен этика қағидаттарын өзге де бұзушылықтар.
  • Жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды әдейі жасыру