W-8BEN - бұл америкалық дивидендтерге төмендетілген мөлшерлемемен салық төлеу үшін инвесторлар толтыратын форма. Жеңілдікпен салық төлеу мүмкіндігі АҚШ резиденті емес инвесторларға беріледі. Қазақстандықтар үшін салық 30% орнына 15%-ды құрайды. Форманың жарамдылық мерзімі - 3 жыл. W-8BEN формасын АҚШ акциялары бойынша алғашқы дивиденд түскенге дейін толтырған жөн екенін ұмытпаңыз.
W-8BEN формасын толтыру арқылы сіз Америка Құрама Штаттарының резиденті емес мәртебесін растап, дивидендтер бойынша төмендетілген салық мөлшерлемелерін алу құқығына ие боласыз. Бұл форма болмаса, алған табысыңыздан 30% салық ұсталады. W-8BEN құжатын тапсыру арқылы сіз салықты 15%-ға дейін азайта аласыз. Осылайша, АҚШ компанияларындағы инвестициядан көбірек табыс табуға мүмкіндігі бар.
W-8BEN формасын Jusan мобильді қолданбасында толтыруға болады. Ол үшін:
Өтінім бір апта ішінде қаралады, содан кейін форма күшіне енеді. Форманы ағылшын тілінде толтыру керек екенін есте сақтаңыз. Төлқұжат ақпараты өзгерсе (құжат нөмірі, аты немесе мекенжайы сияқты деректер), сізге W-8BEN формасын қайта толтыру қажет.
Шетелдік үшінші тарап комиссиясы 40 долларды құрайды және үш жыл бойы жарамды. Бұл форманы жаңарту қажет болғанға дейін жарамдылық мерзімін қамтитын бір реттік төлем. Jusan Invest осы форманы рәсімдегеніңіз үшін сізден комиссия ұстамайды.
Өтінім расталған соң сіздің брокерлік шоттағы 40 доллар көлеміндегі ақша үшінші тарап коммиссиясы ретінде, яғни шетелдік ұйым атынан бұғатталады.
Жоқ, бізде толтырылған W-8BEN формасы тек Jusan Invest арқылы жасалған мәмілелерге жарамды. Ол Қазақстандағы басқа брокерлерге, оның ішінде KASE Global-ға қолданылмайды. Бірнеше брокер арқылы сауда жасасаңыз, W-8BEN формасын әр брокерге бөлек тапсыруыңыз керек.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, WhatsApp +7(700) 511-10-00 арқылы жауап беруге дайынбыз.