Jusan Invest және ҚДКБҚ сенімгерлік басқару жайлы келісімге қол қойды

2024 ж. 24 шіл.

5 шілде күні Алматыда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Jusan Invest» АҚ арасында келісімге қол қою рәсімі өтті.

 

Аталған келісім аясында бастапқы кезеңде алты басқарушы компания арасында 200 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күнде ҚДКБҚ арнайы резервіндегі активтер көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Әрі қарай жеке басқарушы компаниялар көрсететін нәтижелерге байланысты активтерді беру кезең-кезеңімен жүзеге асады.

 

Бұл Қазақстан Ұлттық Банкінің активтерді басқаруды жетілдіруге және оларды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың маңызды кезеңі болып саналады.

 

Еске сала кетейік, 2021 жылдың басынан бері әр қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке инвестициялық компанияларға басқаруға бере алады. Оның ішінде Jusan Invest-ке де ақша аудару мүмкіндігі бар. 2021 жылдың 15 наурызынан бастап Jusan Invest басқаруындағы бір шартты зейнетақы активінің өсу құны жылдық 10.95% құрады. Ал биыл жыл басынан бері компания 7,64% деңгейінде кіріс көрсетті.

 

Зейнетақы активтерін Jusan Invest басқаруына беру туралы толығырақ мына сілтемеден біле аласыз.

 

*28.06.2024 жағдай бойынша

Ещё больше новостей в нашем Telegram-канале
Читать телеграм-канал