Құрметті клиенттер!
«Jusan Invest» АҚ (Jusan Invest) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.
Аталған өзгерістер, соның ішінде, тек қана білікті инвесторларға немесе бөлшек инвесторларға арналмағаны көрсетілген шарттары бар қаржы құралдарына қатысты білікті инвесторлар сатып алатын қаржы құралдарының тізіміне өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер 2025 жылдың 17 қаңтарынан бастап күшіне еніп, білікті емес инвесторлар – жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Осы заңнамадағы өзгерістерге байланысты, Jusan Invest клиенттері болып табылатын жеке тұлғаларға (білікті емес инвесторларға) бағалы қағаздар нарығында сауданы әрі қарай жалғастыру үшін жақын арада Jusan Invest-те білікті инвестор мәртебесін алу рәсімінен өту қажет болады. Бұл рәсім сіздің ыңғайлылығыңыз үшін Jusan Инвестиции қосымшасында іске асырылған.
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады:
+7 (707) 264-40-00 (қоңыраулар).
+7 (700) 511 1000 (WhatsApp).