Құрметті клиенттер,
Инвестициялар бөлімінде біз аздаған пайдалы функциялар енгіздік. Енді сіздің портфеліңізде брокерлік шоттағы операциялар үшін төленбеген комиссияларды көруге болады.
Комиссияға не кіреді?
«Бұғатта» пунктінде не көрінеді?
Мұнда мәмілелер жасау және есеп айырысу, сондай-ақ бейсауда операциялар үшін бұғатталған ақшаны көруге болады:
Комиссияны не үшін төлейтінімді қайдан көрсем болады?
Комиссияны не үшін төлейтініңізді анықтау «Комиссиялар бойынша есеп» батырмасын ашуыңыз керек. Ол үшін Jusan қосымшасындағы мына қадамдарды жүзеге асырасыз:
Пайда болған есепті «PDF» батырмасын басып, электронды поштаға жіберуге болады.
Егер сізде комиссиялар бойынша қарыз болса
Үшінші жақ комиссияларын қоса алғанда брокерлік шоттағы операциялар үшін комиссия айына бір рет брокерлік шоттағы қалдықтан алынады.
Егер шотыңыздағы ақша комиссияны алуға жеткіліксіз болса, онда қарыз брокерлік шотты келесі толтырғаныңызда алынады.
Jusan Invest-тің барлық комиссиялары туралы қай жерден білуге болады?
Jusan Invest тарифтері туралы ақпаратпен корпоративтік веб-сайтта jusaninvest.kz сілтемесі бойынша таныса аласыз. Комиссиялар өзгерген жағдайда біз әрқашан веб-сайттың жаңалықтар бөлімінде, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Jusan Invest ресми парақшаларында клиенттерге хабарлаймыз.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз
Jusan Invest-тегі маңызды өзгерістер туралы әрқашан хабардар болу және пайдалы контентті өзіңізге ыңғайлы форматта алып отыру үшін әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз.