FAQ Пайлық инвестициялық қорлар

Өзара Инвестициялық қорлар

ӨИҚ (өзара инвестициялық қор) — бұл қордың пайларын сатып алу арқылы инвесторлар өз қаражаттарын біріктіретін ұжымдық инвестициялық құрал. Негізгі артықшылықтары: шексіз кіріс, сенімділік, ашықтық, тәуекелдерді әртараптандыру, салықтық жеңілдікті. Пайларды сатып алу кезінде Сіз басқа инвесторлармен бірлесіп ақшаны біздің кәсіби командамызға басқаруға бересіз. Invest әртүрлі стратегиялары мен мақсатты кірістілігі бар өзара инвестициялық қорлар желісін басқарады.

Дивидендтер allGA ИӨИҚ бойынша тоқсанына бір рет 0,75% мөлшерінде төленеді.

Жоқ, өйткені пайдың құны тұрақты шама болып табылмайды және Қор активтерін құрайтын бағалы қағаздардың құнына байланысты күн сайын өзгеріп отырады және Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы Заңы бойынша кірістілікке кепілдік бере алмайды. Егер осы бағалы қағаздардың орташа құны өссе, онда пайдың құны да өседі. Қордың бұрынғы кірістілігі болашақта табыс табуға кепілдік бермейді.

ӨИҚ-ларды брокерлік шот ашқаннан және шотты тиісті валютада толтырғаннан кейін мобильді қосымшасынан сатып алуға болады. Пифтің бір бөлігін сатып алуға да болады, мысалы, егер 1 пайдың құны 10 000 теңгеге тең болса, 1000 теңгеге 0,1 пай бөлігін сатып алуға болады.

Иә, пайларды мобильді қосымшасында KASE биржасының кез келген жұмыс күнінде сағат 11.30-дан 17.00-ге дейін сатуға болады.

Жоқ, пайларды сатудан түскен табысқа салық салынбайды.