Брокерлік шотты онлайн Alatau City BankAlatau City Bank мобильді қосымшасында ашуға болады.
Ол үшін:
• Alatau City Bank қосымшасын орнатыңыз және тіркеліңіз;
• Қосымшаның басты бетіндегі "Инвестициялар" бөлімінде "Шот ашу" батырмасын басу қажет*
*Ескеру маңызды: шотты ашу 1 күннен 3 жұмыс күніне дейінгі уақытты алуы мүмкін. Шотты ашу және жүргізу - тегін.
Брокерлік шотты 18 жастан бастап ашуға болады.
Шотты ашу және жүргізу - тегін.
Брокерлік шот ашу 1 күннен 3 жұмыс күніне дейінгі уақытты алады.
Сізге ыңғайлы кез келген сомадан бастауыңызға болады.
Дегенмен саудада келесі жағдайларды ескерген жөн:
• халықаралық нарықта Invest-тің 0.1% және контрагенттің 0.01 цент/әр акция үшін (минималды комиссия мөлшері –7,5 доллар/ әр келісім үшін, максималды –1%/ келісім сомасынан);
• жергілікті нарықта комиссия келісім сомасынан 0,03%-ды құрайды.
Брокерлік шотты толтырудың ыңғайлы және жылдам әдісі - мобильді қосымшасы арқылы Банк картасынан аударым жасау арқылы.
Брокерлік шотты толтырудың қосымша әдістері:
- Кез келген банктің бөлімшесі арқылы, бұл әдіс бойынша жіберуші банктің тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.
- Шотты шетелдік валютада толықтыру үшін кез келген банктің бөлімшесіне жүгінуге болады.
Өзіңізбен бірге Invest-тің қабылдау белгісі бар брокерлік келісімшартқа қосылуға арналған өтінішіңіздің көшірмесі болу керек.
Брокерлік шотты тұру ықтиярхаты бар нерезиденттер аша алады*
* Тұру ықтиярхаты – шетелдік азаматтың ҚР тұрақты тұру құқығын растайтын рұқсат бар құжат
Валюталарды мобильді қосымшасында айырбастауға болады:
• Invest бөлімінде;
• «Толтыру» батырмасының көмегімен қажетті валютаны брокерлік шотқа аудару.
Бұл жағдайда төмендегідей әрекет етуге кеңес береміз:
• 1-ші қадам. Банктік шотының ішінде теңгені қажетті валютаға айырбастау;
• 2-ші қадам. «Инвестициялар» бөліміне өту;
• 3-ші қадам. валютадағы қажетті соманы Өзіңіздің брокерлік шотыңызға «Толтыру» батырмасының көмегімен аудару.
«Келісім есептелуде» термині келісімнің сәтті статусын көрсетеді және ақша немесе құнды қағаздың есепке алыну процесі жүзеге асырылып жатқанын білдіреді.
Келісімнің есепке алынуы төмендегідей жүзеге асырылады:
• жергілікті нарықта қағаздың сипаттамасына байланысты 2 күн ішінде;
• халықаралық қағаздар бойынша келісім жасалған күннен кейінгі 2-ші жұмыс күні
Құнды қағазды мобильді қосымшасында өкім жасау арқылы сатуға болады. Ол үшін:
• міндетті бағандарды толтыру керек;
• әрі қарай «Сату» батырмасын басу керек.
Бағалы қағаздарға инвестиция салудың әмбебап ережелері жоқ, активтерді сатып алу және сату туралы шешім қабылдар кезде әр Инвестор өзінің инвестициялық стратегиясын ойластырады және басшылыққа алады.
Сізге біздің t.me/jusananalytics Телеграм арнамызға жазылуға кеңес береміз, онда сарапшылар мен талдаушылар күн сайын жаңалықтармен, инвестициялық идеялармен және ұсыныстармен бөлісіп отырады.
Облигацияны сатып алыңыз және оны купон төленетін күнге дейін портфеліңізде сақтаңыз. Купондар Cіздің брокерлік шотыңызға түседі*.
* купондар алу мерзімі облигацияларды шығарудың нақты шарттарына байланысты төлем күнінен бастап бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін болуы мүмкін.
Биржада облигацияны нарықтық бағамен кез келген уақытта сатуға болады. Алайда Сіз кез келген жағдайда сату сәтіндегі купондар бойынша жинақталған купондық кірісті (ЖКК) аласыз. Оны Сізге облигацияларыңызды сатып алушы төлейді.
ЖКК-сы жоқ облигацияның бағасы "таза" деп аталады, ал ЖКК ескерілген баға "лас"деп аталады. Қосымшада "лас" баға көрсетіледі.
Дивидендтер Сіздің брокерлік шотыңызға түседі. Мобильді қосымшасында қаражатты алуға бұйрық беру арқылы Қазақстан Республикасының кез келген Банкінде Сіздің атыңызға ашылған карточкалық немесе ағымдағы шотыңызға аударуға болады.
* - аудару мерзімі 1-ден 3 жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.
Мобильді қосымшасындағы брокерлік шоттан ақшаны Сіздің атыңызға ашылған шоттарға шығарып алуға болады. Ол үшін Сізге:
• "Шығару" бөліміне өту;
• валютаны таңдау;
• аударып алу үшін шот нөмірін* көрсету керек.
* Жылдам және ыңғайлы әдіс – ақшаны картаңызға немесе ағымдағы шотыңызға аудару. Бұл жағдайда ақша шотқа тезірек және комиссиясыз түседі.