Комиссия мәміле жасалған кезде төменде көрсетілген мөлшерде алынады:
• Жергілікті нарықта сауда жасағанда комиссия мәміле сомасының 0,04%-на тең;
• Халықаралық нарықта сауда жасағанда комиссия мәміле сомасының 0,1% мөлшерінде және контрагент комиссиясы әр акция үшін $0,01 құрайды. Комиссияның ең төменгі мөлшерлемесі:
○ NYSE, NASDAQ, AMEX: бір мәміле үшін $5,5;
○ LSE, XETRA: мәміле валютасына байланысты бір мәміле үшін $7,5 / €7,5 / £7,5;
○ TSX: бір мәміле үшін $10;
○ EURONEXT: қағазға байланысты €1,5-тен €45-ке дейін.
Комиссияның ең жоғарғы мөлшері – мәміле сомасының 1%
• шот ашу және жүргізу тегін;
• ақшалай қаражатты шығару және толтыру кезінде қосымша шығындар туындауы мүмкін, бұл ретте комиссияны операцияны жүргізетін банк белгілейді.
• банктік шотынан толықтыру және банктік шотына шығару комиссиясыз.
Сіз барлық тарифтермен ресми сайтта таныса аласыз www.alataucityinvest.kz.
Иә, кастодиан банк* қағаздарды сақтағаны үшін комиссия алады.
• қазақстандық нарықтағы сауда кезінде/ қазақстандық нарықта сауда жасағанда - бұл бағалы қағаздар Орталық депозитарийі,
• халықаралық нарықтардағы мәмілелер бойынша - бұл Euroclear жаһандық кастодианы.
Тарифтермен мобильді қосымшада және ресми сайтта таныса аласыз.
* Кастодиан банк - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларды сақтау және өзге де қызмет бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып сақтауды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

