ПАО "Нефтяная Компания "ЛУКОЙЛ" акциялары бойынша жоспарланған дивиденд төлемдерін алу үшін құжаттарды ұсыну қажеттігі

03.02.2026

Құрметті клиенттер!
Сіздерді 2025 жылға ПАО «Нефтяная Компания «ЛУКОЙЛ» эмитенті болып табылатын қаржылық құрал (ISIN RU0009024277) болжамды дивиденд төлемдері бойынша  қажетті мәліметтерді ұсыну қажеттілігі туралы хабарлаймыз. Тіркеу күні: 12 қаңтар 2026 ж.

 

Дайындалуы және ұсынылуы қажет мәліметтер мен құжаттар тізімі ИНФИНИТУМ ресми сайтында орналастырылған «Депозитарий» → «Құжаттар» → «Шетелдік номиналды иелер мен олардың клиенттері үшін ақпарат және құжаттар» → «Құжаттар мен мәліметтер тізімі – бағалы қағаз бойынша төлем алу» бөлімінде.
Сілтеме: https://specdep.ru/dokumenty/depozitarnoe-obsluzhivanie/informatsiya-i-dokumenty-dlya-deponentov-inostrannykh-nominalnykh-derzhateley-i-ikh-klientov-derzhat/spisok-dokumentov-i-svedeniy-dlya-polucheniya-vyplaty-po-tsennym-bumagam/?top-filters=0

Ескеретін маңызды жайттар:

  1. Өз банкіңізде Ресей эмитенттерінен рубльде төлемдерді қабылдайтынын тексеріңіз. Егер қабылдамаса, басқа Қазақстан банкінде немесе ресейлік банкте есепшот ашу қажет болады.
  2. БАНК РЕКВИЗИТТЕРІН РЕСЕЙ РУБЛЬДЕРІНДЕ алыңыз — құжаттарды толтыру үшін банк реквизиттері формасын пайдаланыңыз.
  3. Құжаттарды толтыру кезінде жеке куәлік көшірмесін жоғары сапада тіркеу қажет.

АО «ЦДЦБ» және АО "Специализированный депозитарий ИНФИНИТУМ"-ге жіберу үшін толтырылған құжаттардың түпнұсқасын біздің кеңсеге жіберу қажет:
Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 502, БЦ Turar, 3-қабат, Alatau City Invest.

Құжаттарды қателіксіз толық толтыру маңызды.
Құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 27 ақпан.

Сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз:
📞 +7 707 264 4000 (қоңырау)
📱 +7 700 511 1000 (WhatsApp)

Ескерту: АО «Alatau City Invest» есепке алу ұйымдарынан алынған ақпаратты жіберген кезде эмитенттің дивиденд төлеуін кепілдей алмайды және қаражаттың аударылуын жылдамдатуға мүмкіндігі жоқ. Дивиденд төлемдері бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, тікелей АО "Специализированный депозитарий ИНФИНИТУМ"-ге немесе эмитентке хабарласыңыз.

Біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз!

Ещё больше новостей в нашем Telegram-канале
Читать телеграм-канал