Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру барысында «Alatau City Invest» АҚ (бұдан әрі – Компания) клиенттердің қаржылық құралдары мен ақшасының шетелдік есеп айырысу ұйымдарында сақталуы мүмкін екендігін хабарлайды. Себебі Компания шетелдік есеп айырысу ұйымдарымен жұмыс істеу арқылы клиенттерге халықаралық қаржы нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және операцияларды орындай алады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтерді сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырылады.
Клиенттердің активтері сақталуы мүмкін шетелдік есеп айырысу ұйымдары деректерді қорғауды, жоғары сенімділік деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық реттеу мен комплаенс стандарттарына сай келетінін хабарлаймыз.
Компания клиенттердің активтерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, оның ішінде:
Клиент Компания қызметтерін пайдалану және (немесе) шетелдік қаржылық құралдармен операциялар жасауға тапсырмалар беру арқылы өзінің активтерінің шетелдік есеп айырысу ұйымдарында сақтау шарттарымен келісетінін білдіреді.
